«Қазгидромет» РМК бүгінге, 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде күн құлымалы болады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.
Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -6...-8°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде температура -9...-11°C, күндіз -2...-4°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз + 4...+6°C.