Атырау, 25 желтоқсан 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

ТЖМ құтқарушылары науқасты дәрігерге жеткізуге көмектесті​

165 просмотра

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ер адамды шұғыл түрде дәрігерлерге жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Оқиға бүгін Арқалық қаласының Ковыльный ауылынан 25 шақырым жерде, республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожолының учаскесінде орын алды.

Жолсыздықтан жедел жәрдем машинасы 1980 жылы туған науқас жүк көлігінің жүргізушіне жете алмады. Көмекке Қостанайлық құтқарушылар келді. Шақыруды алған соң олар тез арада арнайы техникамен оқиға орнына шықты.

Құтқарушылар қар құрсауында қалған жолдың бөлігін жүріп өтіп, дәрігерді жедел медициналық көмекке мұқтаж адамға жеткізді. Содан кейін зардап шегушіні жолдың жүру бөлігінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында зардап шегушіге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Кеше, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.