Атырау, 23 желтоқсан 21:38
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайта басталуы мүмкін

124 просмотра

2024 жылғы 23 желтоқсанда Мәжілісте өткен брифингте көлік министрі Марат Қарабаев Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеуді қайта бастау мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеудің аяқталғанын еске салды.

"Қазір авиакомпанияның бір қызметкерінің өтініші бар, оған сәйкес процессуалдық түрде тергеуді қайта бастау мәселесі қаралуда", — деді Қарабаев.

Bek Air жолаушылар ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні таңертең Алматы маңында апатқа ұшырады. Алматыдан Астанаға ұшқан Fokker-100 ұшағы көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып кеткен. Нәтижесінде 12 адам қайтыс болды.

2024 жылдың 3 сәуірінде қылмыстық тергеу аяқталды. Ал 2021 жылы бұл іске қатысы бар бірнеше экс-шенеунік пен риэлторға үкім шықты.





Бүгін, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.