Қазақстанның жолаушылар пойыздарында 2025 жылы интернет орнатылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пойыздарға интернет тарту үшін Қазақстан OneWeb корпорациясымен келіссөз жүргізген.
«Біз түрлі технологияларға талдау жасадық. Ең оңтайлысы Starlink, OneWeb сияқты төмен орбиталды спутниктер арқылы таратылатын интернет деген шешімге келдік. Қазір OneWeb-пен келіссөз жүргіздік, қаңтар айында ҚТЖ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның нәтижесі бойынша интернет сапасына қаншалықты көңіліміз толады, соған байланысты бізге ұсынатын тариф бойынша шешім қабылданады», - деді Коняшкин Мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Әрі қарай пилоттық жобаны масштабтау бойынша шешім қабылданады, деп атап өтті вице-министр.