Атырау, 23 желтоқсан 17:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Орал студенттері антидрон құрылғысын ойлап тапты

113 просмотра
Видеодан скриншот

Оралдық студенттер антидрон құрылғысын ойлап тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Ол радиоэлектрондық толқындарды қағып алу арқылы дрон мен иесі арасындағы байланысты бірден үзеді. Соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде ұшқышсыз ұшу аппараттары жиі қолданыла бастады. Оны бейбіт жолмен ғана емес, заңсыз қару ретінде пайдаланатындар да бар.

Ал студентердің өнертабысы осы дронға қарсы тұра ала ма? Снайперлік винтовкаға ұқсайтын мына құрылғы – ақпараттық технологиялар мамандарын даярлайтын оралдық оқу орнының ойлап тапқан жаңа құрылғысы. Конструкторлық бюро мамандары антидрон жасау барысында радиоэлектронды бұғаттаудағы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланыпты. Ауқымды диапазонды қамтитын кең жолақты антенна орнатылған, ол 1100-ден 4900 мегагерц аралығындағы толқындарға тұсау салады. 

Закир Хамзин, университеттің ақпараттық орталығының директоры:

- 7 шақырым алыста радиуста бақылайды. Бірден сигнал келеді. 7 км жерде дрон бар деп. Әрі қарай монокулярлы нысана бар, сол «прицелмен» тауып, аспанда құйттай, көзге көрінбейді. 12 секунд тікелей әсер жасағасын құлай бастайды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізіп жатыр. Құлатпай, өз джойстигімізге бейімдеп, әрі қарай қолдануға болатындай қылып. Антидрон режимін жасақтадық, қазір кейбір элементтері патентке берілді. Себебі бұған дейін ол элементтер қолданылмаған жалпы. Антидрон жабық режимдегі мекемелерге, стратегиялық нысандарға қолайлы. 

«Жеке өмірін сұқ көздерден қорғағысы келген азаматтарға да қолдануға болады», – дейді өнертапқыштар. 

Закир Хамзин, университеттің ақпараттық орталығының директоры:

- Үлкен мемлекеттік ұйымдардан қызығушылық туғызды. Ол жақпен бірігіп, жұмыстар жасап жатырмыз. Сызбаларды бөлісу, бөліскенде қалай, біз береміз, олар бізге бермейді де. Дегенмен осы бағытта жұмыстар қызықтырды. Біз ойлаймыз, жалпы тек әскери бөлімдер емес, азаматтық өмірде де керек дүние.  

Сондай-ақ оралдық өнертапқыштар вертикальді жел генераторын да ойлап тапқан. Ерекшелігі бұл қондырғыға жел қай жақтан соқса да бәрібір. Үп еткен самал тұрса болды, қалақтары зырылдай жөнеледі. Мәселен, бөлменің терезесі ашылғанда-ақ генератор қозғала бастады. Қуаты 15 киловатт. Яғни, екі шамды жағуға еркін жетеді. Қуатын жетілдірсе, шалғайдағы малшы қыстақтарына таптырмас дүние болғалы тұр. 

Денис Остриков, 3 курс студенті: - Қалақтарын 3Д принтерде басып шығардық. Өте жеңіл, сондықтан оңай айналады. Сондай-ақ жаңа подшипниктер қолдандық, үйкеліс аз болғандықтан, ол да қондырғының пайдалы коэффициентін арттырады. Жасауға жарты жыл кетті. Бағасы 60-70 мың теңгеге шығады. Аса қарапайым дүние.

Оралдық студенттердің ойлап тапқан тың туындыларын түрлі көрмелерде қарап, қызығушылар аз емес. «Келешекте бұл бұйымдар сериялы өндіріске жол тартса», – деп үміттенеді жас өнертапқыштар. 

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.