Атырау, 30 қазан 15:32
 дождьВ Атырау +17
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

​Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін деген қауіп бар

777 рет қаралды
Сурет: canva.com

Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысының тауларында 23-26 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.
23 желтоқсан 2024, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.