Атырау, 21 желтоқсан 00:15
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

QirSabyn телеграм каналының әкімшілері қамауға алынды

139 просмотра

QirSabyn telegram арнасының әкімшілері қамауға алынды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды" деп хабарлайды ведомство.

Бас прокуратура шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынғанын хабарлады.

"Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді" делінген хабарламада.

Кеше, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.