Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен Стати ісі бойынша сот дауларын түпкілікті реттеді деп хабарлады қаржы институтының баспасөз қызметі.
"Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі және Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды.
Реттеу нәтижесінде Қазақстан Ұлттық Банкі Стати тараптарының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізді", - делінген хабарламада.
Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ұзақ мерзімді кірістілігін жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ететін операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің барынша кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады, деп атап өтті Ұлттық банкте.
"Түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып табылады", - деп хабарлады Ұлттық банк.