Қазақстанда қызметкерлердің 48 пайызы келесі жылы жұмыс ауыстыруды жоспарлаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өйткені жартысынан көбінің жалақы мөлшеріне көңілі толмайды екен.
Хедхантер жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша ауыл шаруашылық, көлік және логистика, сауда саласында жүргендердің дені жаңа жұмысқа орналасуды көздеген. Мұндай шешімге келуге айлықтың аздығы, мансаптық өсудің шектелуі және жұмыстың қиындығы түрткі болған.
Респонденттердің бір бөлігі ірі қалаларға көшуді қарастырған екен. Келесі жылдан бастап жұмысын ауыстыруды жоспарлаған жандар көп екен. Бұл хедхантер жүргізген сауалнаманың нәтижесі.
Қымбатшылық қыспаққа алғанда қызметкерлердің дені айлықтың шайлыққа жетпейтінін айтқан. Әлеуметтанушы Бақыт Әлмұратов бұл Қазақстандағы бейнелеп айтқанда қалыптасқан табиғи құбылыс дейді.
Хедхантер зерттеуіне сүйенсек, өзге өңірге көшуге ниет білдірген тұрғындар да аз емес. Басқа емес көбі Алматы мен Астанаға келуді құп көреді екен. Ал халықтың көбі жыл сайын өзгеретін инфляция деңгейі мен жалақы мөлшері сәйкес келмейді деген пікірде.
Жалпы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 20 пайызы жаңа мамандық игергісі келетінін де айтқан. Көптің таңдауы ІТ-саласына түскен. Әсіресе әйелдер қауымы келесі жылы жаңа мамандық меңгеруге құлшынып отырған көрінеді.