
Жыл басынан бері Қазақстанда қызметтік-iздестiру иттерiнің көмегімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚМА агенттігінің баспасөз қызметі.

"Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуроны құрады. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген, - делінген агенттіктің хабарламасында

Сонымен қатар, Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады.
Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:
• марихуана/каннабис – 5,2 кг. (20 факт);
• гашиш/гашиш майы – 11,5 кг. (11 факт);
• көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.
Ведомствода атап өткендей, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.
В Атырау -8