Жұмыс беруші тарапынан жан-жақты түсіндіру мен келіссөз жүргізудің нәтижесінде 19 желтоқсан сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының штаттық режимдегі жұмысы қалпына келтірілді. Бұған дейін аты аталған кеніштер мен зауыт жұмысшылары әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын тоқтатқан болатын, деп хабарлайды "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі.
Жұмыс беруші мен жұмысшылар еңбек жағдайы бойынша ортақ келісімге келді.
Бүгін, 20 желтоқсанда жұмыс беруші мен Шатыркөл кенішінің (Жамбыл облысы) еңбек ұжымы арасындағы нәтижелі келіссөзден кейін тараптар еңбек шарттары бойынша ортақ келісімге келді.
Қазіргі уақытта кеніштегі жұмыс қалыпты жағдайға келтірілді.