Атырау, 15 желтоқсан 23:25
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Солтүстік Қазақстан облысында сот төрағасы пара алу кезінде ұсталды

669 рет қаралды

Бүгін, 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.

19 желтоқсан 2024, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.