Атырау, 19 желтоқсан 18:43
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Газға қосылуға өтінішті eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады

88 просмотра

Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады. 

Қызмет «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.  

Газға қосылуға арналған техникалық шарттар — бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат. 

Қызметті мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті өрістерді толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет.

Техникалық шарттарды беруден бас тартуға келесі жағдайларда жол беріледі:

  • Реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілерінің орындары, өткізу қабілеттері болмаған жағдайда.
  • «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда.
Бүгін, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.