Атырау, 22 маусым 01:48
 дождьВ Атырау +26.7
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті

438 рет қаралды
Сурет: Антикор

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Антикор.

Кездесу барысында екі ел арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, трансұлттық жемқорлық схемаларына қарсы күрес және қылмыстық қудалаудың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар шеңберінде тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері қозғалды.

Асхат Жұмағали ТМД елдерінің Мемлекетаралық кеңесі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функцияларын жүзеге асыратын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Аталған институт өзекті сын-қатерлерді бірлесіп шешу және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Кездесу қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруді және бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға өзара ұмтылыс білдірілді.

19 желтоқсан 2024, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.