Атырау, 19 желтоқсан 13:15
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

​Жаңа жылдық тауарлар импорты қазанда бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

102 просмотра
Сурет: azattyq.org

Қазанның қорытындысы бойынша Жаңа жылды* тойлауға арналған өнімдерді әкелу былтырғы жылдың дәл осы айына қарағанда шамамен төрт есеге өскен – 0,8 мың тоннадан 2,9 мың тоннаға дейін делінген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде, деп хабарлайды DATA HUB.

Жалпылама түсіндіре кетсек: күзде мереке уақыты жақындай түсетіндіктен, мұндай тауарлардың импорты әрдайым жанданып отырады. Мысалы, 2023 жылы күздің үш айы жылдық көлемнің 67%-ын қамтамасыз етсе, 2022 жылы – 74%-ын, ал 2021 жылы – 65%-ын құраған. Сонымен қатар жеткізудің шарықтау кезеңі, көбінесе, қазан айына сәйкес келеді. Бірақ, осының өзінде де, биылғы көрсеткіш әдеттен тыс болып тұр: ол өткен жылдың жалпы нәтижесінен шамамен 20%-ға асып түсті.

Бұл ерекше өсім сатушылардың қазақстандықтар биылғы Жаңа жылды кең көлемде атап өтеді деп болжауына байланысты ма екен?

Нақты емес. Қазанда осы санаттағы тауарлардың тоннасы сатушыларға орта есеппен $1,9 мыңға түскен және күз мезгілінің қызған кезінде мұндай төмен бағалар кем дегенде 2015 жылдан бері болмаған еді (инфляцияны ескермегеннің өзінде). Осы жайттарды ескере отырып, бұл серпіліс, көбінесе, импорт құрылымының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасауға болады: жеткізушілер арзан тұратын салмағы ауыр тауарларды көбірек әкелген болуы мүмкін. Айта кетсек, жаңа жылдық тауарлардың басым бөлігі Қазақстанға Қытайдан жеткізіледі.

Айтпақшы, қыркүйектегі көлемдері де жоғары болды – 2,4 мың т (жылдан жылға +350%), бірақ қазанға қарағанда төмен. Жалпы алғанда, күздің екі айы 2024 жылдың барлық импортының 84%-ын құрады.

*Мұнда СЭҚ ТН 950510 коды бойынша елге әкелінетін "Жаңа жыл және рождество мерекелеріне арналған тауарлар" позициялары туралы айтылып тұр. Ашық қолжетімді декларациялар мысалдарына қарағанда, бұл санатқа шырша ойыншықтары, жасанды шыршалар, мишуралар, карнавалдық бетперделер, мүсіншелер және басқа да осыған ұқсас заттар кіреді.

Бүгін, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.