МКК КГД Қазақстанда электрондық коммерция мен салық салуды дамыту мәселелері бойынша Alibaba International-мен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында МКК мен Alibaba International цифрлық
экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды.
МКК Қазақстан мен халықаралық компаниялар арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайту және электрондық коммерцияны ілгерілету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
Бұл Қазақстандағы салық әкімшілендіруде ашықтықты арттыруға және әділ салық салуға ықпал етеді.