Атырау, 18 желтоқсан 17:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссия бекіре тұқымдас балықтарды коммерциялық аулауға тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр

78 просмотра
Фото: gov.kz

Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім аясында Астрахань қаласында су биологиялық ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі Үкіметаралық комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды  Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

2024 жылы Үкіметаралық комиссия отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтуде. Отырысқа бес Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.

Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов басқарады.

Отырыста тараптардың балық ресурстарын аулау квоталарын пайдалану туралы есептері, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қалпына келтіру және қорғау мәселелері, теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептер қаралады. Сондай-ақ 2025 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын бекіту, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды коммерциялық аулауға тыйымды ұзарту және басқа да мәселелер талқылануда.

Комиссияның жұмысы 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданады.

Бүгін, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.