Атырау, 18 желтоқсан 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Ауаны ластаушы заттардың 60%-ы көлікке тиесілі

90 просмотра

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жыл сайынғы қала дамуының алдын ала қорытындыларын жасау барысында айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімінің айтуынша, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – әкімдік жұмысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі.

Жұмысымыз қала тұрғындарын қоғамдық көлікке көшуге ынталандыруға, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 33%-ға артып, күніне 1,6 млн жолаушыға дейін рекордтық көрсеткішке жетті,-деп нақтылады әкім.

2024 жылы экологияландыру мақсатында 770 газ (оның ішінде 170-і жеке меншік) және 115 электр автобусы (оның ішінде 15-і жеке меншік) сатып алынды.

Нәтижесінде автобустардың эксплутация мерзімі 6 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарды. Осыған қоса, 112 жаңа троллейбус сатып алынып, троллейбус паркі 100%-ке жаңартылды.

Бүгін, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.