Атырау, 18 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Вандализм мен бөтеннің мүлкін бүлдіргендерге жаза күшейді

858 просмотра

Жыл басынан бері елордада 300-ден астам вандализм актісі тіркелген, деп хабарлайды 24kz

Олардың ішінде үйлердің қабырғаларында сурет салып, гүлзарларды таптау, аялдамаларда әйнектерді сындыру сынды деректер басым. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады. Еске салайық, елімізде вандализм мен бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жаза қатаңдады. Десе де, мұндай әрекеттер әлі де тыйылар емес. 

Бұл Ақтау жағажайында қоршауды қиратып жатқандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін видеода кәмелетке толмаған балалар екені анықталды. Полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап, олардың жақындарын оқиға орнына шақыртқан. Бұзақылық жасаған жасөспірімдердің ата-анасы айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Жалпы өңірде кәмелетке толмағандардың вандализмге бой алдыру дерегі азаятын емес», - дейді тәртіп сақшылары.

Әлібек Намазов, Маңғыстау облысы бойынша ЖПБ бөлім бастығы: 

- Жаңа редакциясын ескере отырып, вандализм дерегі ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының, яғни, кәмелетке толмағандардың вандализміне сәйкес келтірілді. Мұндай құқықбұзушылық Ақтау қаласының теңіз жағалауында жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы екі дерек анықталып, әкімшілік хаттама жасақталды. 

Сондай-ақ, биыл Маңғыстау облысында инфрақұрылым нысандарын бұзу, көшедегі жасыл желекті бүлдіру бойынша 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. Ал Астанада биылдың өзінде мүлікті қасақана бұзу бойынша 300-ден астам жағдай тіркелген.   

Заң мен тәртіп: Мүлікті бұзған 300-ден астам адам жазаланды 

Нұржан Сәрсенбаев, Астана қаласы ПД «Алматы» ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімінің полиция подполковнигі: - Соңғы статистикалық мәліметке келсек, Астана қаласы аумағында 338 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 125-сі қамаққа алынды, 177 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі өзгеріспен 50 АЕК болса, бұрын 25 АЕК болған. Әкімшілік қамақ 5 тәуліктен 20 тәулікке дейін. Орта жастағы кісілер 25-30 жаста. Көбінесе масаң күйде болғаннан кейін сондай әрекеттерге барады. Сосын қайтып орнына қойып береді бүлдіргендерін. 

«Аялдаманы қиратып, жеделсатыда секіріп, үйдің қабырғасына сурет салып, қасбетін сындырғандарға қатысты жаза тым жеңіл», - дейді халық. 

Блиц 1: - Жас балалардың сондай сындырғанын көргенмін мен өзім мысалы қоқыс салатын тұр ғой, соны сындырып жатқанын көргенмін. Айттым: «қойыңдар, осылай болмайды», деп. Енді қатты көп емес, қазір балалар дамып жатыр, тәртіп жағынан жақсы. Сонша бір сындырып, нетіп жатқанын көрмеппін. 

Блиц 2: - Өзім тұратын жерде мас адамдар подъезді сындырып кеткен. Жазаланған жоқ, участковый жібере салды. Профилактикалық әңгімелесу болды. 

Блиц 3: - Штрафты көбейту керек шығар деп ойлаймын. Автокөлік жүргізушілерін мүгедек жандарға арналған орынға тұрған кезде 100 МРП штраф, сол 100МРП-ға дейін көтерсе, бір рет басына тисе, екінші рет олай істемейді деп ойлаймын. 

Блиц 4: - Негізі айыппұл жеңіл жаза, себебі мен қазір біреудің мүлкін сындырып, оған ақша төлей салсам, ол кез келген адамның қолынан келеді. Онда әділдік қоғамда болмайды. Сондықтан әр адам заң алдында жауап беруі керек. Біздің Қазақстанда заң қатал емес. Заңды қайта жүргізіп, қаталдыққа кішкене қатаң жазалар қолдану керек. 

Астаналықтар тәртіпті қоғам орнату үшін айыппұлды өсіріп, заңды қатаңдату керек деп санайды. Бұл ортақ мүлікке ұқыпты қарап, жауапкершілікті арттырады деген сенімде.

13 желтоқсан, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.