Атырау, 23 желтоқсан 23:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мұқырдан Құлсарыға жол салына бастады

477 рет қаралды
видеодан скриншот

“ҚазАвтожол” ҰК” АҚ тапсырысымен Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылынан Құлсары қаласына дейінгі автожолдың құрылысы басталды. 

Жаңа жолдың жалпы ұзындығы - 136 шақырым, ені - 7 метр. Қазіргі уақытта 42 шақырымды салі жұмысы басталған. Бұл іске «АтырауИнжстрой» ЖШС жауапты. 

- Ал 43-тен 136 шақырымға дейінгі «Атырау-Доссор-Құлсары» бағытындағы жол құрылысы үшін мердігер мекеме анықталып жатыр. Айта кетейік, жобадағы жұмыстарды 2025-2026 жылдары аралығында жүргізу жоспарланған. Қазір, бастапқы жұмыстар жол қауіпсіздігі үшін қолға алынды. Бұл жұмыс келер жылы жалғасады, - деді «ҚазАвтоЖол» мекемесі басшысының орынбасары Аслан ДЮСЕНОВ

Мұқыр-Құлсары жолы салынғаннан кейін қызылқоғалықтардың көршілес аудандармен қатынау жолы қысқарып, бірнеше сағатты үнемдейді.

3 желтоқсан 2024, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.