Атырау, 23 қараша 16:13
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балалар және бюрократия

3 194 просмотра

17 шілде күні балалар аттракциондары орналасқан Смағұлов желекжолында үлкен кикілжің орын алды. Қалалық әкімдік рұқсат қағаздары болмауына байланысты кәсіпкерлерден желекжолды босатуды талап етсе, ал аттракцион иелері қасақана рұқсат бермей отыр деп қалалық билікке кінә артып отыр.

Батуттар мен аттракциондар иелері, сондай-ақ түрлі тәттілер мен сусын сатушылар бірнеше жылдан бері көктем басталысымен қала әкіміне Исатай-Махамбет алаңында маусымдық қызмет түрлерін көрсету үшін жер беруге немесе жалға беру шарттарын ұзартуға өтініш жазып келеді. Бұл мәселе қала құрылысы комиссиясының отырысында қаралады және соның шешіміне байланысты не рұқсат беруден бас тартылады, не әкімдік шешімінің жобасы мен жалға беру шарты дайындалады.

Бұл тәжірибеден хабардар аттракцион иелері, бірі наурызда, бірі сәуірде қала әкіміне өтініш жазған, алайда, бір таңғаларлығы, осы жолы жауап ала алмапты.

- Бүгін осы жерде тұрғандардың барлығы көктемнен бері тұйық шеңбер бойымен жүгіріп жүрген адамдар. Ең алдымен әкімдікке барамыз, олар сәулет бөліміне жолдаса, ал ол жақтан, неге екені белгісіз, ТКШ бөліміне жібереді, ал коммуналдық қызметкерлер «біздің не қатысымыз бар?» деп таң болып, бізді кері әкімдікке жұмсайды, - дейді өзінің туысы – ІІ топ мүгедегі, жеке кәсіпкер Сергей СОКОЛОВТЫҢ мүддесін қорғаушы  Нұржамал ӨТЕУЛИЕВА.  

Желекжолға жиналған кәсіпкерлердің әрқайсысында ресми тіркелген ЖК-лері бар. Көрсетіп отырған қызметтері маусымдық болса да, олар қыста да есептерін мүлтіксіз тапсырып жүр - әр маусым сайын ЖК ашып-жабу өте қағазбасты іс екені баршаға белгілі.

Мамыр айынан қыркүйекке дейінгі уақыт ақша табу үшін ең тиімді кезең. Сондықтан да, билік жауабын күтпестен олар Жеңіс саябағына жұмысқа шығады, ал оларды сол жақтан да қуғанда, осы Смағұлов желекжолына келіп тоқтады. Оларға 1 маусымда бейбіт жұмыс жасауға мүмкіндік берген. Алайда, сол кезден бері мынау үшінші рет «қуылулары» екен. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері Теміржан ҚҰРАҚПАЕВ желекжолға жиналған кәсіпкерлерге жақын маңда орналасқан үйлер тұрғындарының үстерінен шағым жазғандары туралы айтты. Яғни, бұлардың қызметтері кешкі уақытта дұрыс демалуға кедергі келтіреді екен-мыс. Бизнесмендер бұл мәлімдемемен келіспейтіндіктерін білдірді: олардың негізгі клиенттері – балалар, олар арақ ішпейді, бейәдеп сөздер айтпайды және қоғамдық тәртіпті бұза да алмайды ғой.

- Бұл желекжол біз келместен бұрын да қалалықтардың баламен қыдыратын сүйікті орны болған, сондықтан да мен еш қиындық көріп тұрған жоқпын. Біз жұмысты түнгі сағат 11 болмай тоқтатамыз, маса бізге де, клиенттерге де демалуға мүмкіндік бермейді. Кеше біз нешеге дейін жасап едік? Иә, 21.45-те тарадық, - дейді фотограф Нұрғали КЕЖЕҒҰЛОВ

Олардың сөздерін кешкі сағат жетіде шаужайға жабысып жатқан масалар да растап қойды. Міне осы уақытта әкімдік қызметкерлері де кәсіпкерлерді қуа бастады.

- Мен қала әкіміне 2012 жылғы 2 шілдеде жазылғанмын. Тек 2013 жылғы 26 қаңтарда ғана жаңа әкім Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ қабылдауына кіре алдым. Мен оған жазда Исатай-Махамбет алаңына батуттар қоюды жоспарлап отырғанымды айттым. Әкім сол кездегі ТКШ бөлімінің бастығы Қарағаевты шақырып алды. Ал ол біз электр желісіне еш рұқсатсыз қосылып алады деп, алаңдағы қызметімізге үзілді-кесілді қарсы болды. Атырау-Жарықпен жасасқан шартымызды ұсынып едім, оған еш мән берместен, басқа жерді таңдауымыз керектігін айтты. Мен келістім. Жилгородоктағы саябаққа рұқсат аламын деп жүріп, көп уақытымды жойдым. Ал ол жердің 5 жыл жалға алу мемлекеттік актісін алған басқа иесі бар болып шықты. Шартты ұзартуға бірінші өтінішімді 4 наурызда жаздым, ол біреуінің үстелінен жоғалып кетті, екіншісін 16 мамырда жаздым. Бірде- бір жауап хат алған жоқпын. Біз осы күнге дейін биліктен не оң шешімді, не дәлелді бас тартуды ала алмай, дал болып отырмыз, - дейді кәсіпкер Гүлфара ХАМИТОВА. Кәсіпкерлерді Смағұлов желекжолына қаланың әр түкпірінен арнайы балаларын аттракционға ойнатуға келетін ата-аналар да қызу қолдап отыр.

- Ойын-сауық орталық-тарында сәбилерге арналған аттракциондар жоқтың қасы, сондай-ақ баламен таза ауада болғымыз келеді, - дейді жас ана Динара. Оған кішкене немересін желекжолға ойнатуға әкелген БЕРЕЗИНДЕР отбасы да қосылды. Ата-аналардың қысымымен қалалық кәсіпкерлер бөлімінің өкілдері берілуге мәжбүр болды.

«Бүгінше жасаңыздар, ал ертең шықпайсыздар!» - деп сөздерін түйіндеді олар.

Осы оқиғаға түсінік беру үшін қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА жолықтық:

- Олардың барлығы желекжолда заңсыз жұмыс жасап отыр, ешқайсысының рұқсат қағаздары жоқ. Олар Исатай-Махамбет алаңында жұмыс жасағанда да осындай мәселелер болған: аттракциондарды электрмен қамту мәселесі шешілмеді, кәсіпкерлердің Атырау-Жарықпен жасасқан шарттары болмады, әркім әр жерден тартып алып отырды.

- Алайда барлығы да әкімдікке өтініш жазды ғой. Оларға неге жауап берілмеген? «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңға сәйкес 15 күннен 30 күнге дейін белгіленген мерзімдер бар ғой. Кейбір жағдайларда бұл мерзімді ұзартады, алайда бұл туралы өтініш берушілерге ескертілуі керек емес пе?

-Жауаптар-дың бар екеніне сенімдімін, бірақ кәсіпкерлердің мұны қалай алмағанын түсіне алмай отырмын. Барлығы маған келсін. Мәселелерін шешуге тырысамыз.

PS: Бейсенбі күні, 18 шілдеде бір топ кәсіпкерлерді қала әкімі Серік Айдарбековтың қабылдауына шақырды. Әкім оларды жуық арада рұқсат құжаттарын алатынына сендірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.