Атырау, 27 желтоқсан 13:34
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда Blockchain технологиясын студенттерге оқыту туралы бастама көтерілді

658 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстан жас білімпаздарын Blockchain технологиясымен жұмыс істеуге баулу үшін студенттердің білім бағдарламаларына өзгеріс енгізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі жергілікті биржамен біріге отырып, бастаманы іске асыруды көздеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келесі айдың ішінде Blockchain технологиясын үйрету бағытындағы бағдарлама 100 жоғары оқу орнында қосылады.

«Бастама 70 модульден тұрады, ол 22 қарашаға дейін жалғасады» деп жазады Astana Times газеті.

Бағдарлама Blockchain технологиясын, несие-қаржы секторының виртуалды аналогы «DeFi», алмастырылмайтын токендер «NFT», блокчейн технологиясына негізделген компьютерлік қосымша «dApps» секілді оның әртүрлі аспектілерін және цифрлық активтерді саудасын қамтиды. Білім алушылар оқуды бітірген соң сертификат алады.

Ғылым және жоғары білім министрі бұл технология Қазақстанда трансформациялық әлеуметтік-экономикалық өсуге әсер ететін болғандықтан, Blockchain бағытында білім беруді көлеңкеде қалдыруға болмайды дейді. Ол бұған дейінгі осындай бастамалар өз жемісін бергенін, мыңдаған адамға төлемдер үшін цифрлық активтерді пайдалануға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Ұлттық Банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығымен бірігіп, осындай бастаманы жүзеге асырып, университет студенттеріне курстар өткізілген еді.

«Біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында қазақстандық жоғары білім беру жүйесі Қазақстан экономикасының мұқтаждығы үшін ғана емес, жаһандық еңбек нарығы үшін де блокчейн индустриясы саласындағы мамандарды жеткізуші болатынына сенімдімін», - деп атап өткен болатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Осы аптада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) үш күн бойы Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне арналған цифрлық активтерді зерттеу сабақтарын өткізді. Осымен екінші рет өтіп отырған семинарға Қаржы мониторинг агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, активтерді қайтару жөніндегі комитет қызметкерлері және басқа да тұлғалар қатысты.

55 мемлекет мүше болып отырған ЕҚЫҰ семинарында мемлекеттік қызметкерлерге қылмыскерлерді анықтау, дәлелдер жинау, күдікті транзакциялар туралы хабарлау, цифрлық активтерді тоқтату және алу мәселелерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірілді.

«Бүгінде «Виртуалды активтерді қылмыстық жолмен пайдалану» мәселесі көптеген елдерде өзекті тақырыпқа айналып отыр. Сондықтан қылмыстық жолмен пайдаға асатын криптовалюталарды анықтау, қадағалау, оны алуды білетін мамандарды даярлау қажет», деді активтерді қайтару жөніндегі комитеттің басқарма басшысы Мұрат Төлегенов.
1 қараша, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.