Атырау, 21 қараша 21:06
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Оңтүстік Корея Солтүстік Корея әскерлерін Ресейден шығаруды талап етті

412 просмотра
Көрнекі сурет

Оңтүстік Корея Ресейдің Сеулдегі елшісін шақырып, солтүстіккореялық сарбаздарды Ресейден тез арада шығаруды талап етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде Сеул Пхеньянның ресейлік армияға Украинаға қарсы соғыста көмектесу үшін Ресейге мыңдаған сарбаздарын жіберу шешімін сынға алды.

Құжатта Оңтүстік Корея дипломатиялық департаменті басшысының орынбасары Ким Хонг Кюн Ресейдің Сеулдегі елшісі Георгий Зиновьевке "Солтүстік Корея сарбаздарының жақында Ресейге жөнелтілуіне алаңдаушылық білдіріп, Солтүстік Кореяның Ресей Федерациясынан тез арада әскерін шығаруды және мұндай ынтымақтастықты тоқтатуды талап етті" деп жазылған.

Сондай-ақ, Ким Солтүстік Кореяның Украинадағы соғыс үшін қару-жарақ пен сарбаздар жеткізуі тек Оңтүстік Корея үшін ғана емес, әлемдік қоғамдастық үшін де үлкен қауіп екенін атап өтті. Ол мұндай әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары мен дүниежүзілік ұйымның жарғысына қайшы келетінін еске салды. 

21 қазан, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.