Атырау, 6 шілде 23:56
 дождьВ Атырау +29.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды

664 рет қаралды

Қырғызстанда магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, бұған Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 139 шақырымда және Ноокаттан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі жексенбіде сағат 23:44-те (Астана уақыты бойынша 22:44) тіркелген, оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

21 қазан 2024, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.