Атырау, 23 қараша 15:19
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Молдовадағы президент сайлауында Майя Санду алда келеді

369 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Молдовадағы президент сайлауында бюллетендердің 87 пайыздан астамы саналғаннан кейінгі алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі президент Майя Санду алда келеді. Сайлауда дауыс берген азаматтардың 37 пайыздан астамы Сандуға қолдау танытқан. Екінші орында – елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояногло. Оған сайлаушылардың 29 пайызы дауыс берді. Үшінші орындағы Бельцы қаласының бұрынғы мэрі Ренато Усатый 14 пайыздан аз дауыс жиған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Осы жолы президент сайлауымен бірге өткен Молдованың Еуропа одағына қосылу мәселесі жөніндегі референдум бюллетендерінің 88 пайызға жуығы саналды. Ел азаматтарының 46 пайызы Еуроодаққа қосылуды қолдаған, шамамен 54 пайызы қарсы дауыс берген.

Сайлау мен референдумға дауыс беруге 1,5 миллионнан астам адам, яғни тізімдегі сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысқан.

Президенттікке 11 саясаткер, оның ішінде қазіргі президент Майя Санду да түсті. Ол елдің Еуропа одағына қосылғанын жақтайды.

Бақылаушылар Сандумен бірге сайлаудың екінші турына бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло шығуы мүмкін деген болжам айтқан. Стояноглоны оппозициялық Социалистік партия қолдап отыр. Партия жетекшісі, Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон бұл сайлауға түскен жоқ, ол жақтастарының бәрін Стояноглоға дауыс беруге шақырған. Алайда социалистер өз кандидатын қолдауға басқа ешбір партияны көндіре алмады.

Додон сияқты, Стояногло да бірнеше іс бойынша қылмыстық тергеуге тартылған, ал бірнеше ісі сотта қаралып жатыр. Бұрынғы президент сыбайлас жемқорлық пен мемлекетке опасыздық қылмыстарына араласы бар деп айыпқа қалса, бұрынғы бас прокурорға сыбайлас жемқорлық пен билікті асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған. Екеуі де бұл істердің саяси астары бар, ол істер президент Сандудың нұсқауымен ашылған деп мәлімдеген. Санду мұны жоққа шығарды.

Молдова билігі, бірқатар Батыс елі, соның ішінде АҚШ, сайлауға дейін Ресей Молдовадағы саяси науқанға араласып отыр және бұған елінде сырттай сотталған, қазір шетелде тұратын молдовалық кәсіпкер Илан Шордың қатысы бар деп мәлімдеген.

Promo-LEX миссиясының бақылаушылары дауыс беру процесі кезінде мыңнан астам заң бұзу фактілері болғаны туралы хабар алған. Оның 200-ден астамы расталған. Олардың басым бөлігі дауыс беру құпиялығына, соның ішінде сайлаушылар жіберген қатеге байланысты болған.

21 қазан, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.