Атырау, 22 қараша 07:41
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

"Шатырдың болмауы оқушылардың білім алуына еш кедергі емес"

1 086 просмотра

18 қазан күні сағат 15.00-де қатты желдің салдарынан Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі С. Шарипов атындағы мектеп-интернатының шатыры ұшып кетті.

Жалпы сиымдылығы 380 орын болатын мектеп интернат 1974 жылы пайдалануға берілген. 2019 жылы "Гамма" ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. 

Бұл мектепте доссорлықтармен бірге Жамансор, Ескене, Кенбай елді мекендерінен оқушылар оқиды.

-Негізі мектеп интернат облыстық білім басқармасына қарайды. Сол күні болған қатты желдің салдарынан мектеп-интернаттың спортзалының шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ, төтенше жағдай басқармасына хабарланды,-дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекадил ЖАЙКИН.

Ал облыстық білім басқармасынын баспасөз қызметкері Элмира ТҮНҒАТАРОВА шатыр шарасы алынатынын, оқушылардың білім алуына еш кідіргі болмайтынын хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Мақат ауданы әкімдігі ұсынған суреттер

21 қазан, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.