Атырау, 22 қараша 08:58
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Блогер қорқытып алу және ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

1 391 просмотра

Атырау қаласының №2 сотында қорқытып алу және ұрлық жасағаны үшін айыпталған блогерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта жергілікті блогер супермаркеттің сөрелерінен жарамдылық мерзімі өткен тауарларды тауып, кейін қызметкерге полиция шақырып, арыз жазатынын айтып қорқытып, 2 млн теңге талап еткені анықталды. Полиция келген соң блогер жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату және тауарларда мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы туралы арыз жазған. Мұнымен тоқталмаған блогер өтінішті қайтарып алу үшін 39 824 теңгеге азық-түлік алған.

Бірнеше күннен кейін блогер сот процесіне қатысқан әріптесін қолдау мақсатында Атырау қаласының №2 сотына келіп, прокурорларға арналған бөлмеге кіріп, ішінде қызметтік киім тұрған шкафты ашып, прокурорлардың бірінің қалтасынан 20 мың теңгені жасырын ұрлаған.

Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен өз дәлелін тапты.

Сот үкімімен блогер ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 58-бабының негізінде 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

18 қазан, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.