Атырау, 26 қараша 00:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

91-ші жылға қарай, алға!

2 974 просмотра

11 шілдеде облыстық мәслихаттың депутаттық бюджет комиссиясының отырысы өтті және мұнда кейбір облыстық басқармалардың басшылары есеп беру үшін шақыртылды.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елтай ҒАЛЫМЖАНОВТЫҢ есебі оптимизмге толы болды. Ағымдағы жылда 46 көппәтерлі тұрғын үй, 8 мектеп және 8 балабақша салынады екен. Бюджеттік комиссияның төрағасы Әділ ЖҰБАНОВ: «Облыстық бюджеттен бөлінген 633 млн теңгені игеруді алғашқы жартыжылдықтан екінші жартыжылдыққа ығыстыруды немен түсіндіресіздер? Енді қалған уақыт ішінде құрылыс көлемінің 80%-ын орындауларыңыз керек. Үлгересіздер ме?» - деп сұрады. «Үлгереміз! Бірнеше тендерлеріміз жобалық-сметалық құжаттамалары сапасыз, дұрыс дайындалмағандықтан өтпеген деп танылды. Енді ешқандай кейінге шегеру деген болмайды»,- деп жауап берді Ғалымжанов.

А. Жұбанов: «Жұмыскерде балабақша құрылысын бастау керек болып, мердігер де таңдалып қойғанда, құрылысты салу мүмкін болмады, өйткені жер телімі бос болмай шықты. Жобалаушыларыңыз құрылыс орнына тіптен бармаған ба?» - деп, тағы бір сұрақ қойды. Е. Ғалымжанов өзінен бұрын жасаған адамдар үшін жауап бере алмайтындығын алға тартты.

Бұдан кейін облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы С. РЫСҚАЛИЕВ сөз сөйледі. Оның айтуынша, биыл басқарма бюджеті 1,7 млрд теңгені құраған. 20,5 млн шаруаларға тыңайтқыштар алып беруге жұмсалып, 96 млн теңге егіндерді суаруға субидиялар беруге бағытталыпты (суарма сулардың 80%-ын үкімет төлейді). 28 млн теңге бау-бақша өсіру бойынша субсидияларға салынған (егер бақшаның көлемі 5 гектардан артық болса және тамшылатын суарумен жабдықталған болса, бір гектар үшін субсидияның құны – 400 мың теңге).

140 фермерлік шаруашылық шөп шабуға субсидия алады. Өткен жылы оларға 182 млн теңге төленді, 2013 жылға да сондай сома бөлініп отыр. 20 шаруашылық асыл тұқымды мал өсіруге субсидия алады. Алайда облыс бойынша асыл тұқымды мал саны әлі де болса көп емес: қой - 18%, ірі қара - 1%, түйе – 5% және т.б. Сондай-ақ мал бордақылауға да субсидиялар беріледі.

1991 жылға дейін облысымызда 350 гектар бау-бақша болған. Қазір 282 гектар. Келесі жылы осы санды 91-ші жылғы деңгейге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Депутаттар сауал қойды: «Неге басқа облыстардағы республикалық транштар бізден бірнеше есе артық? Бұдан бізде облыстық ауылшаруашылық басқармасы министрліктен ештеңе сұрамай отыр деген ой туындайды». С. Рысқалиев біздің облысымызда мал басы Қазақстан бойынша ең төменгі деңгейде екенін айтып, жауап берді. Сиыр – 149 мың бас, қой – 494 мың бас. Мысал келтірсек, көрші Бастыс Қазақстан облысында қой 2 есе, ірі қара 4 есе артық. Мемлекет төлейтін субсидиялардың көлемі де осыған байланысты екен.

Рысқалиевқа тағы бір сұрақ: «Неге билік Атыраудан ет комбинатын салмайды?» «Кеңес үкіметі кезінде қазіргі Алмагүл ықшамауданында орналасқан «алпауыт» ет комбинаты облыстың барлық шаруашылықтарын шикізатпен қамтамасыз ете алмады» деп жауап қайтарды бас аграршы. «Алпауыттықпен аурудың қажеті жоқ»,- деп сөзін түйіндеді ол.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 шілде 2013, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.