Атырау, 24 қараша 22:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үйрену «ешқашан кеш емес»​

Сурет
1 122 просмотра

Биыл Құлсары қаласында 50 жастан асқан Жылыой ауданы тұрғындарына арналған жоба басталды.

«Жаңаша» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ешқашан кеш емес» жобасына қатысушылардың басым бөлігі зейнеткерлік жасқа толғандар. Бүгінде 50 жуық қатысушысы ағылшын тілі, хореография, вокал, йога үйірмелеріне қатысып, түрлі тақырыптағы тегін тренингтерден өтуде. 

Жаңаша қоғамдық қорының жоба координаторы Гүлжанат Алдоңғарованың айтуынша, жоба егде жастағылардың бос уақытын пайдалы өткізіп, сергек күйді сақтауына көмектеседі. Жоба төрт бағыт бойынша әр бағытта оннан астам адамды қамтып отыр.

Қатысушылардың бірі 72-жастағы әже құлсарылық Мұстахима ИСАЙЫНОВА. Ол 40 жыл мұнай саласында еңбек еткен. 15 жыл бұрын зейнетке шықса да жаңа нәрселер үйреніп, өзін өзі дамытуын тоқтатпай келеді. Жоба аясында ағылшын тілі мен хореографияны меңгеріп жүр.

- Мен институтты аяқтап келгеннен кейін өз еңбек жолымды “Жылыоймұнайгаз” мекемесінде мұнай-газ операторы қызметінен бастадым. Кейін техника маманы, инженер, разработчик, бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілдім. Міне, 15 жылдан бері зейнеткермін. Үйде бос отырмайын деп қоғамдық жұмыстарға араласамын. Аудандағы мұнай компаниясының ардагерлер кеңесін басқарамын. Одан бөлек хореография, ағылшын, кол өнер үйірмелеріне қатысып жүрмін. Бұл жер үйде отырған зейнеткерлер үшін өзін өзі дамытуға, қоғамға шығуға мүмкіндікдейді әже. 

Мұстахима апа адам ұзақ өмір сүруі үшін әрдайым қозғалыста болу керек деген ұстаныммен жүретінін айтады және өзі де соны дәлелдеп жүр. 

Замандастарымызбен осындай ортада бас қосқанда мәре-сәре болып, бір сергіп қаламыз.   Зейнеткерлік - ол үйде төрт қабырғада қамалып отыру емес, керісінше жаңа нәрселерді көріп, үйрену үшін мүмкіндік деп ойлаймын. Ештеңе де кеш емес, - дейді қария. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда үйірмелерден бөлек, түрлі бағыттағы тренингтерден өтеді. Мысалы  компьютерлік сауат бойынша тренинг ұйымдастырылған кезде оған қызығушылық танытып қатысқандар көп болған. 

Қатысушылар тренинг барысында ЭЦҚ алуды, электронды қол қоюды, QR кодпен жұмыс жасауды үйреніп, Pilliap платформасының мүмкіндіктерімен танысты, дейді ұйымдастырушылар. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 қазан, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.