2025 жылға дейін Атырау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша драмтеатр мен Ақ шағала ықшамауданында тағы екі Бином мектебі салынады.
Олардың әрқайсысында ауысымына екі мың бала оқиды. Бұл туралы "AЖ" тілшісіне облыстық білім басқармасының басшысы М.ӘБУОВ айтты.
Еске сала кетсек, қалада бұған дейін әл-Фараби және Дінмұхамед Қонаев атындағы осындай екі мектеп бар.
Жаңа Бином мектебінің әрқайсысы орта есеппен 13 айда салынады. Жоба бойынша мектептердің бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Тек Ақ шағалдағы мектеп 30 шаршы метрге артықтау. Бірақ бұл аса көп байқалмайды, өйткені ғимараттардың жалпы ауданы туралы айтып отырмыз, олардың әрқайсысы орта есеппен 22,8 мың шаршы метрді құрайды.
Бұл ретте бір оқушыға шаққандағы құрылыстың орташа құны (құрылыс пен жабдықтың құнын қоса есептегенде) 6 млн 683 мың теңгені құрайды. Келісімге сәйкес, мемлекеттің үлесі 30 пайыз, жеке серіктестік үлесі 70 пайыз деп есептелген.
Бұл жоба бойынша тендерді «Атырау қаласында жалпы білім беретін мектептердің құрылысы» бағдарламасы бойынша Binom Вarys (ВВ) ЖШС жеңіп алды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, байқауға ВВ-де өтінім берген, ал қазылар алқасы олардың ұсынысын ең жақсы техникалық шешім деп тапқан.
Қазір байқаудың екінші кезеңі өтіп жатыр, онда жоба бойынша «ВВ» ЖШС конкурстық өтінім беріп, ол да үздік деп танылды. Қазір келісімге қол қою рәсіміне дайындық жоспарланып жатыр.
Айтпақшы, Ақ шағала ықшамауданындағы мектепке драмтеатр маңында салынатын мектепке бюджеттен 50-100 миллион теңге артық төленеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ