Атырау, 24 қараша 22:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау мұнай өңдеу зауытынан жанар-жағармай кестеге сай жөнелтіліп жатыр

1 035 просмотра

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де жоспарлы-алдын алу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонна жабдығының ішкі құрылғыларын модификациялау және т.б. жұмыстар атқарылып жатыр. Қысыммен жұмыс істейтін құралдарды тексеру мен қадағалау жөніндегі іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.  

Бұдан бұрын жиналған қор есебінен жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес бензин, дизель отыны, сұйытылған газ, авиаотын және басқа да мұнай өнімдері тұрақты әрі жүйелі жөнелтіліп жатыр. 

Бүгінгі таңда зауыт резервуары паркінде мұнай өнімдері қорының көлемі мынадай: 

  • автобензин — 10,9 мың тонна; 
  • дизель отыны — 4,1 мың тонна;  
  • авиаотын — 2,4 мың тонна; 
  • сұйытылған газ — 100 тонна.  

Қазіргі кезде Атырау мұнай өңдеу зауыты күніне орта есеппен 1,1 мың тонна автобензин, 1,2 мың тонна дизель отынын жөнелтіп отыр. Батыс Қазақстан облысының мұнай базаларында 2024 жылдың 16 қазандағы жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензиннің 2,7 мың тоннасы сақталуда. Жолда шамамен 1,29 мың тонна өнім бар. АИ-92 жалпы көлемін (мұнай базасында+жолда) ескерсек, өңірде барлығы 3,98 мың тонна бензин бар, бұл шамамен екі апталық қорға тең.

Сондай-ақ ішкі нарықта тұрақты жағдайды сақтап тұру үшін ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай материалдарының жекелеген түрлерін өндіру көлемі ұлғайтылды. Атап айтқанда, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нен және «ПҚОП» ЖШС-нен (Шымкент МӨЗ-і) күніне орта есеппен автобензин — 4,2 мың және 7,4 мың тоннадан, дизель отыны — 7 мың және 5,5 мың тоннадан жөнелтіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары 2024 жылдың қазан айының соңында дейін аяқталып, кәсіпорын тұрақты технологиялық режимге шығады деп жоспарланып отыр.

17 қазан, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.