Атырау, 22 қараша 14:01
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

"Ақжайық" резерватында қамыс бықсып жатыр

Бейнежазба
1 267 просмотра
Бейнежазба скриншоты

2024 жылғы 9 қазанда Атырау қаласы Еркінқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында "Ақ Жайық" Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің бықсып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

9 қазанда Атырау облысы ТЖД және "Ақ Жайық" МТР жалпы саны 46 қызметкер, 16 бірлік техника жұмылдырылып, оқиға орнында жануды сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Қараңғы түсуіне байланысты өртті сөндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды, 10 қазан қайта жалғасатын болады.

Жану аумағы қамыс өрті толық жойылған соң комиссия мүшелерімен анықталатын болады.

Елді мекендерге қауіп жоқ екенін хабарлаймыз. 

NASA сервисінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 11 ш.км құрайды.  


9 қазан, 22:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.