Атырау, 22 қараша 14:27
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атасынан қалған аңшы қаруын заңсыз сақтады

1 171 просмотра

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында аңшы мылтығын сақтаған ауыл тұрғынына қатысты іс қаралды. 

Құқық бұзушы С. -p шаруа қожалығы аумағында ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі, «Б» маркалы, қос ұңғылы аңшы қаруын заңсыз сақтаған. Сотта С. аталған қару атасынан қалғанын айтты. 

Криминалист маманның қорытындысына сәйкес, қарудың атуға жарамды екені анықталды.   

Сот қаулысымен С. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 73 840 теңге әкімшілік айыппұл салынды.          

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қазан, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.