Атырау, 22 қараша 14:12
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Сұйытылған мұнай газын әкетуге тағы алты айға тыйым салынды

1 053 просмотра

Елдің ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2024 жылғы 2 мамырдағы №185 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген болатын.

Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі аталған шараны тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.

Төмендегідей жағдайларды қоспағанда:

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуді;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды.

Бұйрықты бекіткен жағдайда сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.

9 қазан, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.