Атырау, 22 қараша 14:44
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атыраудағы жаңа стадион құрылысы: ЖСҚ әзірленуде

Сурет
867 просмотра

2025 жылы қалалық «Аламан» базарының жанынан 12 мың орындық үш қабатты футбол стадионының құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновқа сілтеме жасап өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

«АЖ» ақпаратына сәйкес, қазір стадион құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. 2025 жылдың наурыз айында мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, одан кейін нысан құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. 

– Жоба бойынша стадион 12 мың көрерменге есептелген. Келушілер батыс және шығыс трибуналар арқылы кіре алады. Батыс трибунада VIP аймағы, БАҚ жұмысына арналған алаң және матчқа қатысушылар үшін жеке кіреберіс болады. Шығыс бөлігінде команданың демалып, жаттығатын орындары қарастырылған, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сондай-ақ жоба бойынша бірінші қабатта коммерциялық орынжайлар, спортшыларға, қызмет көрсетуші және техникалық қызметкерлерге арналған кабинеттер орналасады. Екінші қабатта ғимараттың бұрыш бөліктерінде коммерциялық орынжайлар, ал орталық бөлігінде БАҚ үшін жұмыс алаңы болады. Үшінші қабат VIP аймағы мен әкімшілік кабинеттерге арналған.

Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында өңір билігі «Мұнайшы» стадионын қалпына келтіру жұмыстарын бастауға уәде берген болатын. Ал 2024 жылдың наурыз айында жаңа стадион салу жоспары туралы жаздық.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Жобаның эскиздерін өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды

9 қазан, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.