Атырау, 7 қараша 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін қамаққа алынды

1 063 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігі ("Қорғау нұсқамасын бұзу") бойынша А.Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2024 жылдың қыркүйек айында А.Е. қарындасының пәтеріне келіп, оны мазалап, тыныштығын бұзып, Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған. 

А.Е.-нің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, қорғау нұсқамасымен және сауалнама хаттамасымен өз дәлелін  тапты. Сот қаулысымен А.Е. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, 10  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қазан, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.