Атырау, 9 қазан 14:24
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жол көлік оқиғасын жасап, бой тасалаған жүргізушіге айыппұл салынды

72 просмотра

6 қазанда сағат 02:30 шамасында  Маденов көшесі тұсында Volkswagen Polo басып озу кезінде жолдың қарама-қарсы бағытына шығып қатарлас келе жатқан Toyota Prado автокөлігіне соқтығыс жасап, оқиға орнынан кетіп қалған.

1985 ж.т. жүргізуші қала аумағынан ұсталды. Аталған дерек негізінде, оған қатысты жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамау,көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы,мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы ретте, полицейлер жол ережесін қатаң сақтауларыңызды ескертеді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.