Атырау, 22 қараша 14:32
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Құмар ойындар мен алдау: Атырау тұрғыны алаяқтық үшін шартты жаза алды

625 просмотра

Атырау қаласының №2 сотында алаяқтық фактісі бойынша азаматша Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігі), деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы Г. өзінің атына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, Атырау қаласы аумағында майлық сүртіндісін және балаларға арналған жөргектер сатумен айналысқан.

Жәбірленушінің сеніміне кіріп, «Каспий Голд» қосымшасы арқылы ақша аударғаннан кейін оған тауарды жеткізетінін айтып сендірген. 

Ақшаны алып алып, тұтынушыны алдап, өз міндеттемесін орындамай, ал алынған ақшаны құмар ойындарына жұмсап, жәбірленушіге 500 000 теңге көлемінде залал келтірген.

Сот үкімімен Г. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, сотталушының асырауында 4 кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

9 қазан, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.