Атырау, 22 қараша 14:46
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қармағыңды ұсақ балық қапса, босатып жібер!

760 просмотра

ҚазҰҒЗИ балықтардың ұсақталу себептерін әлі шеше алмады, бірақ бұл Атырау балық аулау артельдерінің банкротқа жеткен қызметінің салдары немесе табиғаттың гендік инженериясы екені анық: өйткені ұсақ әрі ептілерге тіршілік үшін күресу оңайырақ.  

Карпфишинг үшін салмағы 20-30 келі болатын ірі балықтарды қолдан өсіру орынсыз, сондықтан да облысымызда спорттық балық аулау кәсібі дамымаған. 

Биыл Жайық өзеніне үлкен судың келуіне байланысты ұсақ сазандар пайда болды. Ресейде оны «лопушок», ал Қазақстанда торман деп атайды. 

Қазір Жайық өзенінде уақ жәйін толып кеткен. Не болып жатыр дейсіз ғой: балықшылар балық аулайтын қаптарын лық толтырып жатыр. Жергілікті балықшы Темірхан Батыс Қазақстан облысында балық аулағанын айтты: ол жақта да сазан мен жайын көп түсіп жатыр екен. Ал болашақ ұрпаққа қандай көлемде балық қалдыратынымыз басқа бір мәселе... 

Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстем ҚОРҚЫТОВТЫҢ түсіндіруінше, аулауға рұқсат етілген балық мөлшері қатаң шектелген. 2015 жылғы 27 ақпанда бекітілген Балық аулау ережесіне сәйкес, Атырау облысы шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары мен Жайық-Каспий бассейні учаскелеріндегі балықтардың кәсіпшілік мөлшері (см-мен) мынадай: қаракөз – 18, көксерке – 37, ақмарқа – 41, жайын – 53, шортан – 30, сазан – 40, балпан балық – 17, ақкөз – 22, қызылқанат балық – 17, қылышбалық – 26, табан - 24, беріш - 26. 

Бүгін Қорқытов «балық шаруашылығын қорғау» қызметі атынан балық аулаушыларға балық аулау ережесін бұзуға жол берілмейтінін ескертті. ҚР ӘҚБтК 383-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Балық аулау ережелерін бұзу), балық аулаушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады: 10х3652 (бұл осы жылғы АЕК) = 36 520 теңге. 2-бөлік бойынша – бұзушылық қайталанған жағдайда.

Сондықтан, қармағыңды торман немесе лақа қапса, босатып жібер, өссін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қазан, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.