Атырау, 22 қараша 14:07
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

​Бутадиен өндіретін зауыт жобасын қытайлық компания жасайды

662 просмотра

«Бутадиен» ЖШС China Tianchen Engineering Corporation (TCC) компаниясымен Атырау облысында бутадиен өндіретін зауыт құрылысының Кеңейтілген Негізгі Жобасын әзірлеуге келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Келісімшартқа 2024 жылдың 1 қазанында қол қойылды, оның аясында ТСС Қазақстанның стандарттары мен талаптарына бейімделген жобалық құжаттаманың толық жиынтығын әзірлейді.

«Бұл келісімшарттың жасалуы Қазақстанның мұнай-химия саласын одан әрі дамытуға ықпал ететін жобаны сәтті жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам. China Tianchen Engineering Corporation компаниясындағы серіктестеріміздің тәжірибесі мен біліктілігі барлық тапсырманы уақытында және жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді «Бутадиен» ЖШС бас директоры Шыңғыс СУРТАЕВ.

8 қазан, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.