Атырау, 23 желтоқсан 23:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысының егістік алқаптарында өнім жинау қызу жүріп жатыр

1 084 рет қаралды
Көрнекі сурет

Биыл Атырау облысында 350 шаруашылық құрылымдары және жеке секторлар 10825 гектарға егіс еккен болатын. 

- Көктемгі су тасқыны біраз шаруашылыққа қиындық туғызды. Яғни, алқаптың 5564,3 гектары су астында қалды. Биыл егіс көлемінің азайып кетуі осы себептен. Бүгінде егістік алқаптарда өнім жинау жалғасып жатыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Азат ҚАПАНОВ.

Жалпы жинау алаңы 5260,7 (600 гектар картоп, 1542,1 гектар көкөніс, 937, 3 гектары бақша, 2181,2 гектары мал азықтық дақылдары) гектар. 

Бүгінде облыс бойынша 3666, 5 гектар жиналып, 98657, 2 тонна өнім алынған. Егін жинау науқанына 600 адам қатысса, оның ішіндегі 449-ы шетел азаматтары. Жалпы тамыздан бастап алқаптарда өнім жинау басталса, қараша айларында аяқталады деп жоспарланған. Жалпы күзгі дала жұмысына жеңілдетілген дизель отынына 19 шаруашылықтан 154, 7 тонна көлемінде сұраныс түскен. Жеткізуші оператор "Таңжаров М. И. " белгіленген еді. Жеткізуші оператор кестеге сәйкес қазан айында 238 теңгеден жеткізіп отырған көрінеді. 

Аудандарда апта сайын жеңіл бағаман бақша өнімдерін сату үшін жәрмеңке ұйымдастырылып тұрады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қазан 2024, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.