Атырау, 26 қараша 00:54
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Судың бәсін қалай түсіреміз

2 770 просмотра

«АтырауСуАрнасы» (АСА) КМК 2013 жылғы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін жоспарлаған 210 млн теңгенің көп бөлігі қуат үнемдегіш технологияларға жұмсалатын болады. Бұл туралы АСА директоры Андрей ТАШЛЫКОВ журналистермен болған кездесуінде хабарлады.

Ол мысал келтірді: өткен жылы Атырау қаласының су тазалағыш құрылғыларында қуаттылығы 75 киловатт электр қозғалтқыш тұрды. Оны сондай өндіріс күші бар, қуаттылығы 18 киловатт Grundfos маркалы қозғалтқышпен ауыстырды.

Қолданылып отырған жабдықтарға жиілік өзгерткіштерін қондыру сияқты тағы бір нұсқа бар. Қозғалтқыштардың айналымдарын автоматты түрде реттеп отыратын осындай аспаптар қазір Мақат кентіндегі екі көтерме сорғы стансасында тұр.

- Қазір, қала су құбыры жүйесі айналма желіге айналып, тармақтардың өзара байланысы принципі жұмыс жасап тұрғанда, желі ішінде суды жоғары қысыммен айдаудың еш қажеттілігі жоқ. Сорғы су қысымын 1 текше сантиметрге 15-20 келіге дейін көтере алады. Егер ол үш есе төмен қуатпен жүзеге асатын болса, электр қуатын көп жойып не керек? Түнде су тұтыну бірнеше есе төмендейді және осы себепті құбырлардың жарылу қаупі арта түседі. Сондықтан да бізге жиілік өзгерткіш керек! – деді А. Ташлыков. – Біз ай сайын «Атырау-Жарық» АҚ-нан 1,5 млн-нан 1,7 млн-ға дейін киловатт-сағат электр қуатын сатып аламыз. Солардың 1 миллионы су тазалауға кетеді. Бізде осындай 120 нысан бар ғой. Біз 850 мың киловатт-сағатқа дейін үнемдей аламыз. Біз өз пайдамыздың үштен бірін, яғни, 26 миллионнан 29 млн теңгеге дейін электр қуатын төлеуге жұмсаймыз, сондықтан да бұл туралы ойлануға міндеттіміз. 

Қаланың бас сушысының айтуынша, Алматы энергетика институтының қызметкерлері АСА-да өз жұмыстарын бастады және жақын арада электр қуатын үнемдеу туралы қорытындыларын ұсынулары керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.