Атырау, 25 қараша 18:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақтөбе-Лаэти» қалашығы орнында мұражай салынады

739 просмотра

Бұл жұмыстар Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысымен жасалады. 

Жұлдыз-3 ықшам ауданында орналасқан «Ақтөбе-Лаэти» қалашығы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі де бірегейі деп мәлімдеді тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай ДОСТЫБАЕВ.

Оның айтуынша, бұл аумақты алдағы уақытта ашық аспан астындағы музейге айналдыру мақсатында ғылыми жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Бүгінде жоба мемлекеттік сарапатамадан өтуде.

- Қалашық - Атырау қаласының тарихы бастау алатын бірден бір қасиетті де киелі мекен. Жалпы аумағы – 57 Га. Ұзақ жылдар бойы көптің назарынан тыс қалған бұл аумақ біз үшін де, келер ұрпақ үшін де маңызды екенін айтқым келеді, - деді Т.Достыбаев.

Жобаға сәйкес 2018-2019 жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде анықталған, көлемі 1890 шаршы метр болатын қалашықтың орнын реставрация жасап, садақ ату орнын салу жоспарланып отыр. Оған қоса жобада әкімшілік ғимарат салып, абаттандыру жұмысын жүргізу қарастырылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 қазан, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.