Атырау, 2 қараша 22:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Өрт салдарынан метан мен көміртек оксиді шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кеткен

773 просмотра

Атырау облысы бойынша экология департаменті атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізу барысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында метан мен көміртек оксидінің шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кеткенін анықтады.

Мониторинг жұмыстары қаланы басқан түтінге байланысты Водник, «Восток», «Пропарка» және «Мирный» атмосфералық ауа сапасын бақылайтын станцияларында жүргізілді. Күкіртсутек, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді және метан ластаушы ингредиенттері өлшенді. 

7 қазан күні 10:40 шамасында «Спецавтобаза» ЖШС-не қарасты қатты тұрмыстық қалдықтар полгионында өрт басталған. Ведомствоның мәліметінше, өрттің шығуына қалдықтардың өздігінен жануы себеп болған, өрт аумағы 50 ш.м. Өртті сөндіруге 10 самосвал, 8 тиеу техникасы, 3 экскаватор, 6 суару-жуғыш машина және полигонның 40 қызметкері тартылды.

- Қазіргі уақытта, өрт ошағы оқшауланды. Өрттің одан әрі пайда болуын болдырмау үшін түтін орындары топырақпен жабылатын болады. Департамент мамандары «Спецавтобаза» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағынан тыс жерден атмосфералық ауа сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары күкіртсутек, көміртек оксиді, метан, азот диоксиді ингредиенттеріне жүргізілді. Нәтижесінде, көміртек оксиді және метан ингредиенттерінен рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактілері тіркелді. Департамент тарапынан бұл факт бойынша шаралар қабылданады, - деп атап өтті департаментте.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

8 қазан, 03:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.