Атырау, 2 қараша 21:55
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

ТЖД өрт ошағын анықтады

Бейнежазба
847 просмотра
Видео скриншоты

2024 жылғы 7 қазан күні сағат 13:00-де Атырау облысы ТЖД Каспий теңізінің жағалауына әуеден Еврокоптер арқылы барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Аталған жұмысты жүргізу үшін «Еврокоптер» ЕС-033 тікұшағы, бортында 4 адам және 2 экипажбен ұшты және нәтижесінде Атырау облысы Құрманғазы ауылынан 43 шақырым және Зинеден ауылынан 56 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында, сулы батпақты жерлерде шамамен 5 га болатын қамыс өсімдіктерінің бықсып жатқаны анықталды.  

Қазіргі уақытта аумақтың сулы-батпақты болуы, автокөлік жүретін жолдардың болмауы бықсуды сөндіруге қиындық туғызып отырғанын атап өткен жөн. 

Сағат 15:15-те "Қазавиаспас" АҚ МИ-8 тікұшағымен қамыс өсімдіктерінің бықсуын сөндіру үшін экипаж 5 адам және Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы ұшты.  

Сағат 17.00-ден бастап тікұшақтың су төгу құрылғысымен су төгу жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі ерекше бақылауда. 

Айта кететін жағдай, әлеуметтік желіде Атырау облысындағы қамыс өрті Ресей Федерациясының кейбір аймақтарындағы түтінге себеп болуда деген ақпарат расталған жоқ. Қамыс өрті болып жатырған аумақ пен Ресей шекарасының арасы 150 шақырымды құрайды.  


7 қазан, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.