Атырау, 3 қыркүйек 17:33
 дождьВ Атырау +29.4
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

​Батыста ауа температурасы төмендеп, жауын жауады - Қазгидромет

1 237 рет қаралды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа-райы болжамын жариялады. 

Аптаның басында антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді және негізінен ауа-райын жауын-шашынсыз сақтайды. Содан кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу аудандарынан циклон әсер етеді, ол найзағаймен жаңбыр әкеледі; 9-10 қазанда батыста қатты жаңбырдың жаууы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.

Республиканың батысында ауа температурасының күндіз 12-18-ге дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17-ге дейін төмендеуі болжанады, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.

7 қазан 2024, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.