Атырау, 25 қараша 18:26
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 26 субъектіге жерді заңсыз иеленгені үшін айыппұл салынды

752 просмотра
Сурет: gov.kz 

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады.

Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 га құрады. Әкімшілік айыппұлдар 4,2 млн теңге көлемінде салынды.

Сондай-ақ, департамент бір жыл бұрын 60 га жер учаскесін иеленген "Ш" шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын.

Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды.

7 қазан, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.