Атырау, 25 наурыз 11:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​ЦАХАЛ "Хезболланың" барлау штабына шабуыл жасады

447 рет қаралды
Сурет// WAHAJ BANI MOUFLEH/Getty Images

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Бейруттегі Ливан "Хезболла" қозғалысының барлау штабына соққы бергенін мәлімдеді. Бұл туралы "РИА Новости"-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

ЦАХАЛ баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль қорғаныс күштерінің жойғыш ұшақтары Бейруттегі "Хезболла" штаб-пәтеріне тиесілі лаңкестік нысандарға, соның ішінде барлау мәліметтерін жинау нысандарына, командалық орталықтарға және басқа да инфрақұрылымдарға барлау негізіндегі соққылар жасады. 

Израиль армиясы соңғы бірнеше сағат ішінде елдің әскери-әуе күштері Бейрут аймағындағы "Хезболла" қару-жарақ қоймаларына соққы жасағанын хабарлады. 

"Соққылардан кейін қайталама жарылыстар тіркелді, бұл қару бар екенін көрсетеді", - деп мәлімдеді Израиль армиясы өкілдері. 

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай қайта ушықты. Дүйсенбіде кешке Израиль Ливанда құрлықтағы әскери операция басталғанын жариялады. Ал кеше, 1 қазанда Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды. Шабуылдың салдары туралы нақты ақпарат жоқ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаға жауап берді. Ол Иранның зымыран шабуылын "үлкен қателік" деп атап, жауап қайтаруға уәде берді.

7 қазан 2024, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.