Атырау қаласындағы «Авангард-2» ықшам ауданында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Білім ордасында 1 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. 1-2 ауысым өзіміздің оқушыларды қамтыса, үшінші ауысымда №30 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып аралығындағы орыс тілді сыныптар оқиды. Оқу кабинеттері білім беру процесін жүргізуге дайын -, деді №19 мектеп-гимназиясының директоры Ақылбек Мырзағалиев.
Айта кетейік, мұнда жалпы 40 оқу кабинеті, 2 спорт зал мен 120-дан аса оқушыға арналған асхана бар.
6 қазан, 23:03