Атырау, 24 қараша 04:43
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин соғысқа қатысқан сотталушыларды жазадан босатты

823 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні сотталғандармен әскери келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін екі заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей президенті мобилизация кезінде немесе соғыс уақытында істері бірінші сатыда немесе апелляциялық сотта қаралып жатқан айыпталушылармен шарт жасасуға мүмкіндік беретін екі заңға қол қойды. Екі заң да құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланған.

Екінші заң жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылған немесе Қорғаныс министрлігімен келісім-шарт жасасқан сотталушыларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік береді.

Сотталушылар мемлекеттік награда алған немесе жасына, денсаулығына байланысты, жұмылдыру мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен босатылғаннан кейін немесе соғыс жағдайы жойылғаннан кейін қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылу мүмкіндігі де қаралған.

Бірінші заң жобасына түзетулер Ресей Федерациясының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, ал екінші заң жобасына «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға енгізіледі.

Мемлекеттік Дума тиісті заң жобаларын 18 қыркүйекте бірінші оқылымда, ал 24 қыркүйекте екінші және үшінші оқылымда мақұлдаған болатын.

4 қазан, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.